Дмитрий Баландин: Алтын аламын деп ойлаған жоқпын

6 августа 2015 18:26
Бүгін Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Алматыға келді. Алтын медаль иегерін жанкүйерлері әуежайдан күтіп алды. Дүбірлі додадан жеңіспен елге оралған Дмитрий Баландин қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Әлемнің ең мықты спортшыларымен сайысқа түсіп, ел абыройын асқақтатқан чемпион жанкүйерлеріне алғашқы тарихи қолтаңбасын қалдырды. Дмитрий өз сөзінде «алтын аламын деп ойлаған жоқпын, бірақ тұғырлы орын үшін барымды салдым» деп атап өтті. Қазақстан тарихында жүзуден тұңғыш рет Олимпиада чемпионы атанған 21 жастағы Дмитрий Баландин қарсыластары жайлы да сөз қозғады.
Метки:
6 августа 2015 18:26