Шығысқазақстандық акробаттар ҚР Чемпионатынан жүлделі орындармен оралды

Автор: RomaSport

30-шы тамыз 8-ші қыркүйек аралығында Тараз қаласында жастар арасында батут пен акробатикалық секіруден ҚР Чемпионаты өтуде. 
Таразда өткен жарыста жеңіс үшін еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар бақ сынасты. Аталмыш жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын 15 спортшы қорғады. Және бүгінгі таңда жеңімпаздардың есімдері де белгілі болды. 
Акробатикалық жолда секіруден жүлделі орын алғандар: В. Смотрикова – 1 орын (2005 ж.т. және одан кіші қыздар), А. Вислобокова – 1 орын (2003-2004 ж.т. қыздар.), Н. Бухарина – 1 орын (2000 ж.т. және одан үлкен қыздар).
Батутта секіруден өткен жеке біріншілікте жеңімпаз атанғандар: Н. Бухарина – 1 орын (2000 ж.т. және одан үлкен қыздар), К. Голышак – 2 орын (2001-2002 ж.т. қыздар), Д. Нұрдыбекова – 2 орын (2003-2004 ж.т. қыздар), Е. Чернышова – 2 орын (2005 ж.т. және одан кіші), Д. Рахатов – 2 орын (2003-2004 ж.т. ұлдар ), И. Ганнов – 2 орын (2005 ж.т. және одан кіші ұлдар).
Қыздар арасындағы командалық біріншілікте акробатикалық жолда секіруден В. Смотрикова, А. Вислобокова мен Н. Бухарина жақсы өнер көрсетіп, І орын ұтып алса, батутта секіруден сайысқа түскен К. Голышак, Д. Нұрдыбекова, Н. Бухарина, Е. Чернышова есімді қыздар І орынға қол жеткізді. 
Батутта секіруден ұлдар арасындағы командалық біріншілікте 1-ші орынды И. Грачёв пен Д. Рахатов жеңіп алды. 
Мәнерлеп секіруден өткен жарыста үздік нәтиже көрсеткендер: Н. Бухарина – 1 орын  (2000 ж.т. қыздар), Е. Чернышова мен А. Ташкеева – 2 орын (2005 ж.т. және одан кіші қыздар), К. Голышак, Д. Нұрдыбекова – 2 орын (2001-2002 ж.т. қыздар), К. Овчинников – 3 орын (2001-2002 ж.т. ұлдар), И. Грачёв – 2 орын (2000 ж.т. және одан үлкен ұлдар). 
 
ШҚО Дене шынықтыру және спорт 
басқармасының баспасөз қызметі 

8 сентября 2017 11:59
0