ШҚО спортшылары ҚР чемпионатында жүлдегер атанды

Автор: RomaSport

Қарашаның 2-6 аралығында Қарағанды қаласында шорт-тректен әр түрлі жас ерекшеліктері бойынша ұлдар және қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Аталмыш жарыста шығысқазақстандық спортшылар жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында Максим Матвеев 1000 метр қашықтықта жүлделі 3 орынға ие болды. Жасы кіші жасөспірімдер арасында Богдан Новик 777 метр қашықтықта 2 орын, 500 метрде 2 орыннан табылып, қосссайыс нәтижесінде 2 орын алды. Қыздар арасында Арина Мозуляко 222 метрде 3 орынға табан тіресе, ұлдар арасындағы эстафеталық жарыста спортшыларымыз қол медальға қол созды. Эстафеталық жарысқа Элан Шапатов, Наиль Смагулов, Алимжан Нурманасов және Артем Старухин сынды жас шорт-трекшілер қатысты.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

7 ноября 2017 16:33
0
Метки