ШҚО-да волейболдан облыстық турнир өтуде

Автор: RomaSport

Ұлан ауданында 2002-2003, 2004-2005 ж.т. қыздар арасында спорт ардагері Азамат Жакуповты еске алуға арналған волейболдан облыстық турнир өтуде.

Шараның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысты. 

 – Ең бірінші барлықтарыңызды жарыстың өтуімен құттықтаймын. Азамат атына заты сай, облысымыздағы спорт жанашырларының бірі боп, әркез қолдау танытып жүрді. Осындай  облыстық деңгейдегі сайысты өткізіп отырған Азаматтың достарына, туыстарына үлкен алғысымды білдіремін. Жарыс жолына шыққан барлық командаларға сәттілік тілеймін, – деді басқарма басшысы.

Аталмыш жарыс дәстүрлі түрде осымен 4 мәрте өтуде. Сайысқа барлығы 8 команда 130 спортшы қатысуда. Атап айтсақ, сайыс иелерінен бөлек, Өскемен, Семей қалаларынан және Абай , Глубокое, Жарма, Тарбағатай аудандарынан жас волейболшылар келді. Жарыс 2 күнге созылатынын айта кетейік.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

8 ноября 2017 15:40
0