ШҚО-да спорттық бағдарлаудан ашық қала біріншілігі өтуде

Автор: RomaSport

Өскеменде спорттық бағдарлау бойынша ұлдар және қыздар арасында, сондай-ақ, ересектер арасында ашық қала біріншілігі өтуде.  

Жыл сайын өтетін сайысқа спортшылар әр түрлі жас ерекшелігі бойынша қатысуда. Ең жас қатысушының дені 6 жас болса, ең үлкенінің жасы 60 –қа таяп қалған. Қалыптасқан дәстүр бойынша , аталмыш жарыс ел тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылып отыр. Спорттық бағдарлау спортын кеңінен насихаттау, әрі қатысушылардың жадына патриоттық сезім ұялату мақсатымен өтіп жатқан іс-шараға 110-ға жуық спортшы қатысуда. Ашық қала біріншілігі болғандықтан Глубокое, Шемонайха, Аягөз сынды аудандардан да спортшылар келді.  Жас ерекшеліктеріне қарай, спортшылар әр түрлі қашықтықта бақ сынауда. Өз қашықтықтарында үздік үштікке ілінген спортшылар облыс құрамына алынып, алдағы болатын республикалық жарыстарға қатысатын болады.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

23 октября 2017 09:36
0