ШҚО-да семсерлесуден ШҚО Кубогы өз мәресіне жетті

Автор: RomaSport

Өскеменде ерлер және әйелдер арасында өткен семсерлесуден ШҚО Кубогы жолындағы жарыс аяқталды. 50-ге жуық спортшы қатысқан сайыста өскемендіктер қарсыластарынан оқ бойы озық болды.

Кезекті ШҚО Кубогы №19 мектепте өтті. Сайысқа облыстың әр аймағынан 50-ге жуық спортшы келген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семсерлесу спортына соңғы жылдары жастардың қызығушылығы едәуір артқан. Мысалы, өткен жылмен салыстырғанда биылғы қатысушылардың саны әлдеқайда көп.

Екі күнге созылған сайыста Өскемен қаласының спортшылары 1 орын, Семей қаласының семсерлесу шеберлері 2 орынға табан тіреді.

Жалпы жарыс қорытындысына келсек, ерлерарасында өскемендік Әлібек Сүлейменов жарыс жеңімпазы атанды. Оның ізін ала семей қаласынан келген Әмір Нығматуллин 2 орынды иеленсе, қос бірдей өскемендік Кирилл Жакупов пен Александр Вендерских қолға қол созды. Ал бұрымдылар арасында тағы да Өскемен қаласының семсерлесушілері қарсыластарынан басым түсті. Оның ішінде, Мөлдір Айбекова 1 орын, Алина Смағұлова жүлделі 2 орын, ал, Александра Хохлова мен Инабат Валиханова қоланы қанағат етті. Семсерлесу сайысының бапкерлерінің айтунша, келер жылы өтетін жарыс ауқымын кеңейте түспек.

ШҚО дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

3 октября 2017 00:40
0
Метки