ШҚО-да хоккейден ашық біріншіліктің кезекті ойындары өтуде

Автор: RomaSport

Өскемендегі хоккей модулінде шайбалы хоккейден 2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ресейдің ашық біріншілігінің кезекті ойындары өтуде.

Қазанның төртінде алғашқы ойындар өтіп, «Торпедо» ұжымы 4:3 есебімен Владивосток қаласынан келген «Адмирал» ұжымынан басым түсті. Владивосток қаласы едәуір қашық болғандықтан, үш ойын бірден Шығыс өңірінде өтетін болды. Қорытынды үшінші матч сенбі күні сағат 11:00-ге жоспарланған. Аталмыш ойында алты команда жарыс жолына шықты. Қазақстан намысын бұл ойындарда қарағандылық «Юность» және өскемендік «Торпедо» командалары қорғауда. Ал, одан бөлек, Красноярск, Новосибирск, Владивосток, Бердск қалаларының жас хоккейшілері қатысуда.

Қыркүйектің соңында басталған ашық біріншілік желтоқсанның аяғына дейін жалғасады. Сол аралықта барлық жас хокей ұжымдары өзара ойындар өткізеді. Сондай-ақ, «Адмирал» құрамасымен өткен кездесуден кейін, өскемендік команда сырт алаңдағы ойындарын Бердск қаласындағы ойынмен бастайды.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

5 октября 2017 17:38
0
Метки