ШҚО-да армрестлингтен облыстық чемпионат басталды

Автор: RomaSport
Курчатов қаласында қала әкімінің кубогі үшін армрестлингтен 2000 ж. т. жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионаты өтуде. Сайысқа барлығы 10 команда қатысуда. Жарыс иелерінен бөлек, Семей, Өскемен, Риддер қалалары және Аягөз, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Глубокое аудандарынан спортшылар келді. Аталмыш жарыста қыздар 7 салмақ дәрежесі бойынша, ұлдар 9 салмақ бойынша бақ сынасады. Сайыс ережесіне орай, спортшылар оң жақ және сол жақ қолмен шеберлік байқасуда. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазанның 15 күні белгілі болады. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
14 октября 2017 21:43
0
Метки