ШҚО-да армрестлингтен облыстық чемпионат аяқталды

Автор: RomaSport
Қазанның 13-15 аралығында Курчатов қаласында қала әкімінің кубогі үшін қол күресінен өткен 2000 ж.т жасөспірімдер арасында ШҚО чемпионаты өз мәресіне жетті. Барлығы 10 команда қатысқан облыс чемпионатында қарсыластарынан шеберлік деңгейі біршама жоғары споршылар да болды. Атап айтсақ, Венгрияда өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Деши Дурсаева, Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алған Юлия Кузнецова сынды тәжірибелі спортшылар қатысты. Екі күнге жалғасқан облыстық жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар және қыздар арасында үздіктер анықталды. Ұлдар арасында: 40 кг: 1 орын М.Маданият 2 орын Ж.Әскербеков 3 орын А.Толчеев 45 кг: 1 орын Р.Оралбек 2 орын А.Төкенов 3 орын Ә.Әбілов 50 кг: 1 орын Д.Ауданбек 2 орын Н.Төлешов 3 орын Ф.Советбеков 55 кг: 1 орын А.Құдайбергенов 2 орын С.Заманбеков 3 орын М.Рамазанов 60 кг: 1 орын Ж.Айтжанов 2 орын А.Төлеубеков 3 орын Д.Чекан 65 кг: 1 орын Н.Мырзағараев 2 орын Ж.Якубов 3 орын С.Сұлтанов 70 кг: 1 орын Е.Карменов 2 орын Ә.Құсайынов 3 орын Т.Нұрахманов 75 кг: 1 орын С.Пеняев 2 орын Г.Воропай 3 орын А.Жеңісханұлы +75 кг: 1 орын Б.Мырзахмет 2 орын М.Алмасов 3 орын Е.Қабен Ал қыздар арасында 40 кг: 1 орын Ә.Тұрсынғазықызы 2 орын А.Социял 3 орын Д.Арсылан 45 кг: 1 орын А.Мотовилова 2 орын А.Сайынғазина 3орын К.Симонова 50 кг: 1 орын Д.Дурсаева 2 орын Б.Батаева 3 орын М.Шорманова 55 кг: 1 орын К.Идаятқызы 2 орын Ю.Кузнецова 3 орын Э.Қайырбаева 60 кг: 1 орын А.Егорова 2 орын С.Жеңіс 3 орын А.Ильясова 65 кг: 1 орын Т.Қожамбердиева 2 орын А.Сәрсенбаева 3 орын А.Рысханова +65 кг: 1 орын М.Қалиханова 2 орын Ш.Бірлес 3 орын А.Советқан Жарыс қорытындысы келсек, командалық есепте өскемендік спортшылар топ бастады, 2 орынға Күршім ауданы жайғасса, үздік үштікті Аягөз ауданының командасы түйіндеді. Қол күресінен ШҚО бас бапкері Ерлан Уалиев, аталмыш жарыста ерекше көзге түскен спортшыларды облыс құрамына іріктеп, қазанның 23-28 аралығында Тараз қаласында өтетін Азия чемпионатына аттанатын болады. ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
15 октября 2017 19:47
0
Метки