Өскемендіктер «Alem barysy»Айбек Нұғымаровты қарсы алды

Автор: RomaSport

Айбек Нұғымаровтың қазақша күрестен «Әлем Барысы-2017» әлемдік турнирінде жеңіске жетуі және Ашхабад қаласында өткен V Азиялық ойындарда алтынға қол жеткізуі шығысқазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш.

Өскемен қаласының әуежайында «Әлем барысы-2017» әлем чемпионатының финалдық кездесуі мен Түркменстан астанасында (Ашхабад қ.) өткен V Азиялық ойындары кезеңінде Айбек Нұғымаровқа жанкүйер болған көптеген азаматтар жиналды. Жерлесіміз әлемдік турнирдің финалдық кездесуінде дзюдодан биылғы жылдың Еуропа чемпионы атанған грузиялық Гурама Тушишвилиді тізе бүктірсе V Азиялық ойындарда қырғыздық Тлек Куаловты жеңіп, ұлттық құраманың қоржынын тағы бір алтынмен толықтырды.

Еске салсақ, чемпионатта әлемнің 38 елінен келген палуандар бас қосқан.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

25 сентября 2017 15:34
0
Метки