Өскемендік спортшылар республикалық жарыста жеңімпаз атанды

Автор: RomaSport

Қазанның 13-15 аралығында Ақтөбе қаласында кадеттер және жасөспірімдер арасында таэквондодан ғарышкер-ұшқыш Юрий Лончаковтың жүлдесі үшін республикалық ашық турнир өтті.

Жарысқа барлығы 23 команда қатысты. Бәсеке ұлдар және қыздар арасында өрбіді. Қазақстан құрамасынан бөлек, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресей елдерінен де жас таэквондошылар келіп қатысты. Бұл жарысқа ШҚО атынан сынға түскен спортшылар арасында Қаби Мақсат және Әйгерім Мұхаметжанова сәтті өнер көрсетті. Атап айтсақ, 49 кг салмақта Ә.Мұхаметжанова ақтық сында тәжікстандық спортышыны ұтып жеңімпаз атанса, 63 келіге дейінгі салмақта Қ.Мақсат барлық қарсыластарын мерзімінен бұрын ұтып, алтын медальға қол жеткізді. Таэквондодан ШҚО-ның бас бапкері Мерхат Болатханұлының айтуынша, спортшылар, 2018 жылы Испанияда өтетін әлем чемпионатына дайындықтарын бастайды.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

17 октября 2017 13:25
0
Метки