Өскеменде «Торпедо» ХК-ның жаңа құрамын таныстырды

Автор: RomaSport

Өскемен қаласында өткен «TorpedoOpenAir» атты шара барысында алдағы маусымдарда ойын көрсететін «Торпедо» хоккей клубының жаңартылған құрамы жаңа форматта таныстырылды.

Аты аңызға айналған өскемендік хоккей клубының екі мыңға жуық жанкүйері Амфитеатрға жиналды. Таныстыру рәсіміне ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов қатысып, хоккейшілерге табыс тіледі. 

         – Облыс басшылығының атынан хоккей командасының жаңа құрамын таныстыруға рұқсат етіңіздер. Жаттықтырушы штаб пен хоккей командасының жаңа құрамы жеңістерімен қуантады деген сенімдемін. Жақсы жетістіктерге қол жеткізуде сәттілік серік болсын! – деді Асқар Можанов.

         Салтанатты рәсімнің соңы кешкі концертке ұласты. Ал хоккей клубының жанкүйерлері өзінің сүйікті ойыншыларымен бірге естелік суретке түсіп, қолтаңба алу мүмкіндігіне ие болды.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

        

4 сентября 2017 15:05
0
Метки