Өскеменде еркін күрестен республикалық турнир өз соңына жетті

Автор: RomaSport

Өскемендегі «Жекпе-жек» сарайында ҚР Спорт шебері Ерболат Қабдықаловты еске алуға арналған еркін күрестен ашық республикалық турнир аяқталды.

Боз кілем бәсекесіне облыстың әр жерінен бөлек, Алматы, Семей қалаларынан жас балуандар келді. Ұйымдстырушылардың айтуынша жалпы жүлде қоры – 250 мың теңгені құраған. Бұған дейін бес мәрте облыс деңгейінде өткізілсе, биыл аталмыш жарыс республикалық деңгейге көтерілгенін айта кетейік. Турнирдың ашылу салтанатында облысқа белгілі спорт ардагерлері балуандарға сәттілік тіледі.

– Жарыстың басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, облыстың спорт дәрежесін көтеру. Сондай-ақ, алда тұрған ірі додаларда облыс намысын қорғайтын жастарды құрамаға іріктеу, – Бас төреші Нұрболат Мағзұмов. Екі күнге созылған бәскелер тартысқа толы болды. Әсіресе, ақтық бәсекелер көрермендердің есінде қалғаны сөзсіз. Спорт академияда жаттығатын өскемендік Ілияс Ерболатов барлық қарсыластарын айқын ұтып өз салмағында үздік атанды. Сондай-ақ, өскемендік Айзат Қожанжаров қарсыластарын қоғадай жапырып, турнир жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттау қағазы, медаль және ақшалай сыйлық табыс етілді.

ШҚО дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

3 октября 2017 00:45
0
Метки