Өскеменде ауыр атлетикадан ашық чемпионат басталды

Автор: RomaSport

Өскеменде 20 жасқа дейінгі ұлдар және қыздар арасында  ауыр атлетикадан ШҚО-ның ашық чемпионаты басталды.

Жыл сайын өтетін облыс чемпионатына биыл 6 команда қатысуда. Олар: Риддер, Зырян, Өскемен, Семей қалаларынан және Күршім, Шемонаиха аудандарынан спортшылар келіп,  «кім мықтыны» анықтауға жиналды. Ұлдар және қыздар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жексенбі күні белгілі болады. Жарыс қорытындысына қарай, қарашаның 4-9 аралығында Ақтау қаласында өтетін Республикалық біріншілікте бақ сынайтын облыс құрамасы жасақталмақ.

 

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

7 октября 2017 14:13
0
Метки