Войти через социальную сеть
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Қазақша Табло Lifestyle
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
KZ
Вход на сайт
Войти через социальную сеть:
Ваш аккаунт на Vesti.kz Забыли пароль?
Забыли пароль?

Укажите email, на который будет отправлен Ваш новый пароль. Впоследствии Вы сможете изменить пароль в личном профиле.

Талғат Әміренов Белорусия жерінен жеңіспен оралды

Автор: RomaSport

 Минск төрінде қазақ күресінен 7-ші әлем чемпионатынан бірінші орынды еншілеген Талғат Әміренов бүгін Өскемен қаласына келді. Спортшыны жаттықтырушысымен қатар, өскемендік жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.

 

Минск төрінде қазақ күресінен 7-ші әлем чемпионатынан бірінші орынды еншілеген Талғат Әміренов бүгін Өскемен қаласына келді. Спортшыны жаттықтырушысымен қатар, өскемендік жанкүйерлері құшақ жая қарсы алды.

Шығыс өңірінің палуаны Талғат Әміренов белдесуге келгенде қарсыластырнан бір бас жоғары екендігін дәлелдеп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Әр мемелекет үкілеп қосқан «кіл мықтылар» белдескенде жүлдеден әркімнің дәмелі екендігі белгілі. +90 салмақта ел намысын арқалап шыққан спортшымыз боз кілемге шыққанда, шығыс жұртшылығы тақымын қысқандары сөзсіз. Алдына келгеннің бәрінен айласын асырып, әлем чемпионы атанған Талғат Әміреновты бүгін өскемендіктер үлкен қошеметпен қарсы алды.

– Барлық қарсыластарым шетінен мықты болды. Дегенмен, осы жеңіске жетуіме себепкер болған бапкеріме, жанкүйерлерге айтар алғысым шексіз. Осы жеңіспен шектеліп қаламай, алдағы күтіп тұрған жарыстарға дайындықты күшейтіп, маған тілеулестік танытқан жандарды тағы да қуантқым келеді, – деді Талғат Әміренов.

Талғат Әміренов барлғы 4 белдесу өткізді. Жартылай финалдық бәсекеде нидерландялық палуаннан айласын асырса, ақтық сында кілем қожайынын, яғни беларусь палуанын ұтты. Одан бөлек, Қазақстан құрамасы 60 кг салмақта және әйелдер арасында алтын медальға ие болды. Айта кетейік, VII әлем чемпионатына барлығы 42 мемлекет қатысты.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқарамсының баспасөз қызметі

10 октября 2017 15:27
Поделиться в соцсети
Метки

Реклама

Реклама