Шығысқазақстандық палуандар грек-рим күресінен Республикалық турнирдің жүлдегерлері атанды

Автор: RomaSport

Астана қаласында Оқушылар сарайының кубогына және Астана қаласында грек-рим күресінің негізін қалаушы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Лукьянов Валерий Константиновичке арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Республикалық турнир өтті.

Аталмыш жарыста «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшылары сәтті өнер көрсетіп, жүлделі_орындардан көрінді.

Атап айтсақ, Елдос Камелов (42 кг) пен Əмір Темірғали (59 кг) – жарыс жеңімпаздары атанды, Забит Абибов (35 кг), Ондасын Хамитов (38), Мадияр Амантаев (47 кг) және Нұрдәулет Әлімғазиев  (73 кг) жарыстың күміс жүлдегерлері атанса, Асан Даулет (32 кг) пен Ануар Макремов (+85 кг) Республикалық турнирда 3 орын иеленді.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

8 ноября 2017 16:22
0