Шығысқазақстандық мүмкіндігі шектеулі спортшылар V Республикалық Спартакиададан жүлдемен оралды

Автор: RomaSport

25 қыркүйекте Атырау қаласында көз бен қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылар арасында өткен V Республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті.

Біздің спортшылар 7 алтын, 10 күміс және 16 қола медальмен оралған жеңімпаздарды өскемендіктер қарсы алды. Жүлдегерлерді қарсы алған ШҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов өзінің жылы лебізін білдірді.

– Аймақ басшылығы және Дене шынықтыру және спорт басқармасының атынан сіздерді шын жүректен жеңістеріңізбен құттықтаймын! Менің ойымша, бұл спорт саласы дамыған аймақ үшін жақсы көрсеткіш, – деді Асқар Можанов.  

 Спортшылардың арасында спорт шебері деңгейін орындағандар да бар. Олар: А. Нұрмағамбетова, А. Кутявина, С. Ковалев, М. Алиаскаров. Семей қаласының спортшысы А. Сиязова халықаралық деңгейде өнер көрсете білді.  

Еске салсақ, 40-45 адамнан құралған мүгедек-спортшылардың ШҚО құрама командасы Шығыс Қазақстан облысының намысын оқпен ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика мен пауерлифтинг сынды спорт түрлерінен қорғады.

 

        

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

27 сентября 2017 18:02
0
Метки