Кристина Сотникова Халықаралық турнирде топ жарды

Автор: RomaSport

Шығыс Қазақстандық дзюдошы Кристина Сотникова 28 қыркүйек – 1 қазан аралығында Тараз қаласында өткен КСРО спорт шебері Бақытжан Ташметовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.

«Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы Кристина Сотникова 63 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыластарын айқын ұтып, жеңістің биік сатысынан көрінді.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

6 октября 2017 20:04
0
Метки