Ерасыл Қажыбаев Грозный қаласында өткен ашық жарыстарда топ жарды

Автор: RomaSport

Грозный қаласында Шешен Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің бірінші төрағасы Хусейн Исаевты еске алуға арналған бүкілресейлік жарыстар өтті. Бұл жарысқа жерлесіміз дзюдо бойынша қатысты.

«Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық Олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ спортшысы Е. Қажыбаев аталмыш жарыста қарсыластарын айқын ұтып, жеңімпаз атанды.

+100 келі салмақ дәрежесінде күрескен Е. Қажыбаев бірінші орын үшін таласта өз елдерінің үздік палуандары Г. Кавтарадзеден (Грузия), К. Каитовтен (Ресей) және А. Шалимовтен (Армения) басым түсті.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

басқармасының баспасөз қызметі

9 октября 2017 17:03
0
Метки