Войти через социальную сеть
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Қазақша Табло Lifestyle
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
KZ
Вход на сайт
Войти через социальную сеть:
Ваш аккаунт на Vesti.kz Забыли пароль?
Забыли пароль?

Укажите email, на который будет отправлен Ваш новый пароль. Впоследствии Вы сможете изменить пароль в личном профиле.

Өскеменде жаңадан Street Workout алаңы ашылды

Автор: RomaSport

Өскеменде спортты серік еткен жандар назарына жаңадан ашылған Street Workout алаңы берілді. Спорт алаңының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.

Өскеменде спортты серік еткен жандар назарына жаңадан ашылған Street Workout алаңы берілді. Спорт алаңының ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысты.

         Елімізге Street Workout спорты кеш келсе де бірқалыпты даму үстінде.  ШҚО-да да соңғы бірер жылда спорттың бұл түрі жақсы қарқын ала бастағаны кездейсоқ емес. Айта кетсек, аймақ басшысы Даниал Аxметовтың тапсырмасымен 2016 жылдан бері бірнеше қалалар мен аудандарда Street Workout алаңдары ашылған.

– Жыл сайын спортпен шұғылданатын жастар саны артып келеді. Қаламызда салауатты өмір салтын ұстанатындар қатарының көбеюі аса маңызды. Спорт алаңының ашылуына арнайы келген қонақтарға алғысымды білдіремін. Көрсеткен өнерлеріңізге тәнті болдым.  Осыдан кейін бұл спортқа халықтың қызығушылығы арта түсетініне сенімдімін, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

 Спорт алаңында қала тұрғындары мен жас спортшылардан бөлек, Астанадан арнайы қонақтар болды. Атап айтсақ, Street Workout бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері Айтым Жақыпов және «Bar Bars» ресми командасындағы спортшылар келді. Іс-шарада осы аталмыш спорт түрі бойынша Елордадан келген спортшылар шеберлік сағатын өткізді. Өскемендік жастардан шеберлік сағатына 60-тан аса жас спортшылар мен еріктілер қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ШҚО-да Street Workout-тан облыстық турнир өтті.Оған өңірдегі бірнеше қалалар мен аудандардан барлығы 16 команда келіп қатысты.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

19 октября 2017 10:56
Поделиться в соцсети
Метки

Реклама

Реклама